4266

Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қатысушылар өтінімдерін түзете алады

27 қарашада «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында толық емес құжаттар пакетін жіберген қатысушылар өз өтінімін түзете алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда 6304 өтінімнің 2157-і құжаттар пакетін толық ұсынбау себебінен пысықтауға жіберілді.

Smart-Astana порталында тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөміріне өтінім мәртебесі туралы смс-хабарлама жіберіледі:

1) «Жұмысқа қабылданды»;

2) «Түзету қажет»;

3) «Қараудан бас тартылды»;

Егер өтінім түзетуге жіберілсе, бірақ қатысушы осы уақыт ішінде тізбе бойынша жетіспейтін құжатты қоспаса, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну себебі бойынша өтінім автоматты түрде қабылданбайды.

Құжаттарды баяндау қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберілгендер үшін ағымдағы жылғы 26 қарашасынан бастап сағат 10.00-ден 23.59-ге дейін қоса берілетін құжаттардың жетіспейтін тізбесімен танысу үшін Smart Astana порталындағы жеке кабинетке кіру және 27 қараша күні сағат 00.00-ден 23.59-ге дейін өтінімді түзету мүмкіндігі беріледі.

Егер өтінім жұмысқа қабылданғандығы туралы смс-хабарлама жіберілсе, бірақ қатысушы қосымша құжаттарды қосқысы келсе, ол жағдайда да өтінімді түзету мүмкіндігі беріледі.

Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты «Қараудан бас тартылды» смс-хабарламасын алғандар порталдан бас тарту себебімен Жеке кабинетінде таныса алады, бірақ өтінімді түзете алмайды.

Түзету үшін http://new.smart.astana.kz/ru/housing сілтеме бойынша Smart Astana порталындағы жеке кабинетіңізге кіру керек.

Түзету кезінде өтінім берілген күн өзгермейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109