963

Қардың үйілуі жөнінде iKOMEK109 орталығына 2112 өтініш түсті

Нұр-Сұлтан қаласының iKOMEK109 орталығына белгіленбеген жерде қардың жиналуы жөнінде 2112 өтініш, мұз сүңгілерінің құлау қаупі бойынша 93 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада күн суытып, қардың түсуі артқалы бері iKOMEK109 қалалық орталығына белгіленбеген жерде қардың жиналуы жөнінде 2112 өтініш, сонымен қатар қаланың түрлі аудандарында мұз сүңгілерінің құлау қаупі бойынша 93 өтініш келіп түсті.

Сондай-ақ, iKOMEK109 қалалық орталығының операторлары орталыққа интеграцияланған бейнекамералардың көмегімен қар жиналған немесе мұз сүңгілерінің құлау қаупі бар жерлерді жедел табады. Олар қар жиналып қалған жерлерді тіркеп, жауған қар мен тазартылмаған қар және мұз сүңгілерінің салдарын шұғыл жою үшін қалалық қызметтерді жұмылдырады.

Қалалық бейнебақылау жүйесі тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ қарды тазалау немесе мұз сүңгілерінің құлау қаупін жою сияқты коммуналдық мәселелерді шешу үшін де пайдаланылады.

Астаналықтарды қырағы болуға және iKOMEK109 қалалық орталығына қар жиналуы туралы немесе сүңгілердің құлау қаупі туралы және тіршілікті қамтамасыз етуге қатысты басқа да мәселелер туралы хабарлауға және сандық сервистердің кең ауқымы: әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz; Whatsapp - бот: +7-747-109-0-109 (https://wa.me/+77471090109); Telegram - бот: https://t.me/nursultanikomek109_bot арқылы оның атқарылуын қадағалап отыруға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109