2567

Елордалық 1025 түлек Жастар тәжірибесі бағдарламасына қатысты

2019 жылдың басынан елордалық жоғары оқу орындарының 1025 түлегі Жастар тәжірибесі бағдарламасына қатысуға жіберілген, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларының бірі еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін Жастар тәжірибесін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты – бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай жасау, біліктілікті арттыру, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті  арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Ағымдағы жылдың басынан оқу орындарының 1025 түлегі Жастар тәжірибесіне қатысуға жіберілді. Бүгінде бағдарламаға қатысушы жастарға төленетін айлық жалақы мөлшері 70 139 теңгені құрайды.

Естеріңізге салсақ, жастар тәжірибесіне  қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және қатысу мерзімі 6 айдан аспайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109