2727

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі 640 адам жұмысқа орналастырылды

2019 жылдың басынан елордалық халықты жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі 687 адамды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтып, 640 адамды жұмысқа орналастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орталық жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 687 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 640 адам жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде тұрақты жұмысқа - 341 адам, уақытша жұмысқа - 3 адам, жастар тәжірибесіне - 17 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 33 адам, қоғамдық жұмысқа - 246 адам жіберілді.

Соынмен қатар, қысқа мерзімді оқытуға 47 адам жіберілді (тігінші, аспазшы, тігінші, визажист, шаштараз, әкімші, сауда менеджері, наубайшы және маникюр шебері мамандықтары бойынша).

«Жас кәсіпкер» және «Бастау Бизнес»  жобалары аясында қысқа мерзімді оқыту және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту аяқталғаннан кейін 29 мүмкіндігі шектеулі адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беруге арналған бизнес-жобалар мақұлданды.

Жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Есепті кезең бойынша «Жастар» сарайында 6 қалалық бос жұмыс орындары  жәрмеңкесі және халықты жұмыспен қамту орталығы  базасында жұмыссыз азаматтарға арналған 15 шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, қаланың білім беру жүйесінен кадрлар таңдау және т.б. жұмыстар атқарылды.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады.

Қазіргі таңда әкімдіктің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес елорда ұйымдарында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарды есепке алмай, қызметкерлердің тізімдік санының 2-ден 4 пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квоталары белгіленді. Сол ретте меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар квоталауға жатады.

Сондай-ақ, жұмыс берушілер мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109