2728

Елордада балалар қауіпсіздігі айлығы жарияланды

Елордалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Шара барысында қатысушылар мектептердегі бейнебақылау жұмыстарын талқылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Жиын барысында әкімнің орынбасары тиісті мемлекеттік органдарға бейнебақылау камераларының жұмыс жағдайын тексеру үшін қала мектептері бойынша бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 «Елорда мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдымен мектептердегі бейнебақылау камералары мәселесін шешіп алуымыз қажет. Ол үшін бізде ең алдымен статистика болуы керек. Қанша мектепте бейнебақылау камерасы бар, қайсысы жұмыс істейді, қайсысы жұмыс істемейді деген секілді. Осы орайда қалалық Білім басқармасы, мектеп директорлары, Полиция департаменті және «іKOMEK» орталығына тапсырма беремін. Қаланың барлық мектептерін аралап шығып, қауіпсіздік мәселесін, оның ішінде бейнебақылау камерларының жұмыс істеуі бойынша мониторинг жүргізіңіздер. Ол үшін комиссия құрып, оның құрамына тиісті органдардың өкілдерін кіргізіп, жұмыс жасаңыздар. Аталған комиссия қаладағы әрбір мектепті аралап көріп, бейнебақылау камераларының жұмыс істеу деңгейін анықтасын. Сонда ғана біз елорда мектептерінің қауіпсіздік мәселесі мен нені алдымен шешуіміз керектігін білетін боламыз», - деді Бақтияр Мәкен.

Кешенді іс-шаралардың өткізілуіне байланысты ол елордада балалар қауіпсіздігі айлығының өткізілетінін хабарлады. Одан бөлек, Б.Мәкен қауіпсіздікке жауап беретін күзет ұйымдарын тексеруді тапсырды.

«Қазіргі күні қалада түрлі күзет ұйымдары көбейіп кетті. Саны бар да сапасы жоқ. Бұл да кезек күттірмейтін мәселе. Күзет компанияларының санын 3-4-ке дейін қысқарту керек. Сонда қауіпсіздікке қатысты сұрақтарды тек соларға қойып, солардан талап ететін боламыз. Себебі оқыс оқиға орын алса, үнемі кінәлі адамды іздеп жүреміз. Сіздерге 1 апта уақыт беремін, бәрін қарап шығып бізге жеткізіңіздер. Одан әрі біз қала әкімімен ойласа келіп мәселенің түбегейлі шешу жолдарын қарастыратын боламыз», - деді әкім орынбасары.

Аталған жиынға Білім басқармасы, Полиция департаментінің басшылығы, мектеп директорлары мен қалалық әкімдік өкілдері қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109