1017

«Nur Otan» партиясының жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы талқыланды

«Nur Otan» партиясы активінің жиналысы барысында партияның елордалық  филиалының төрағасы Алтай Көлгінов 25 қарашада өткен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасының партия жұмысын жүйелі жаңғырту туралы тапсырмасын түсіндірді.

"Nur Otan партиясының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Басым бағыттардың бірі – «ядролық электоратты» шоғырландыру, партияға жаңа есімдерді тарту. Сондай - ақ, "праймериз" - партияішілік ашық іріктеуді енгізу қажет. Әрбір мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кемінде 30 пайыз әйел және 35 жасқа дейін 20 пайыз жас адамдар қосылуы тиіс. Сонымен қатар тізімге халықтың түрлі санатының өкілдері, Отанына оралған қандастарымыз, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері кіруі тиіс", - деді қала әкімі А. Көлгінов.

Сондай-ақ, қала әкімі Елбасының партия басшылары мен мүшелерінің жауапкершілігін жергілікті деңгейде арттыруға ерекше назар аударғандығын айтты. Депутаттар белсенді түрде тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін шешулері тиіс. Мәселен, партия мүшелері әкімдік басшылығымен бірге елорданың проблемалық нысандарын аралап, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын бақылауға алды. 

Сайлауалды бағдарламалардың негізі аумақтарды дамытудың жаңа бесжылдық бағдарламаларынан тұруы тиіс. Жауапты тұлғалар қоғамдық кеңістік орындарын тұрғындардың пікірі мен өтініштерін  ескере отырып дамытатын болады.

"Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бөлінген қаражаттың жұмсалуына нақты партиялық бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Келесі жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау, шағын және орта бизнестен түсетін қосымша салық түсімдерін өңірлерге беру және халықты жергілікті бюджеттерді қалыптастыруға тарту туралы бірқатар тапсырмалар күтіледі", - деп атап өтті А. Көлгінов.

Бұдан басқа, бастауыш партия ұйымдарын күшейту мен жастармен жұмыс аясында үлкен жұмыс атқарылады.

Сондай-ақ, А. Көлгінов жаңа мүшелерге партиялық билеттерді табыс етіп, "үздік бастауыш партия ұйымы" байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109