778

Елордада Жастар жылы аясында «One world – one life» халықаралық балы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы Жастар жылы аясында «Бір әлем – бір өмір» «ONE WORLD – ONE LIFE» атты халықаралық жастар балын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның мақсаты –  қазақ елінің тамыры тереңге жайылған тарихын, өнеге мен тәрбиеге тұнған салт-дәстүрін, сәулеті мен дәулеті күн санап дамып келе жатқан Елордасын дүниежүзіне таныстыру. Сонымен қатар, жігерлі жастардың бас қосуы арқылы жаһандық мәселелер жай-күйін шешуге үндеу жасау, нәтижелі қайырымдылық шараларын жүзеге асыру, игі шаралардың санын арттыру көзделген.   

Нұр-Сұлтан қаласының жастары мен әлем жастары көпшілік назарына «Полонезадан» бастап, «Жастар вальсіне» дейін барлық би түрлерін ұсынатын болады.

Қатысушылар өнер көрсетуден бөлек қайырымдылық шараларымен де айналысады. Сондай-ақ, дебютанттар қарттар үйі мен балалар үйінде рухани кеш ұйымдастырып, «Жүректен жүрекке» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетеді.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы жастарымен бірге балдың халықаралық деңгейін айқындайтын Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Украина, Индонезия және т.б елдерден дебютанттар қатысуға ниеттерін білдірді.

Естеріңізге салсақ, 24 қарашада «Жастар» театрынды жастар балының елордалық жастарына арналған кастингі өтті. Кастингке 1000 жуық 18-29 жас аралығындағы әртүрлі саланың жастары қатысқан. Барлық үміткерлер ішінен әділқазы алқасы 40 жұпты (40 қыз, 40 ұл) лайық деп таныды.

 «ONE WORLD – ONE LIFE» жобасы 18 желтоқсан күні «The Ritz Carlton» қонақ     үйінде өтеді. Шараға еліміздің танымал, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің қатысуға ниет білдірді. Кеште дебютанттармен бірге отандық және халықаралық танымал жұлдыздар өнер көрсететін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109