Елордада «ESIL WINTER» шаңғы фестивалі өтеді
Қалалық саябақтың шаңғыроллер трассасында «ESIL WINTER» шаңғы фестивалінің аясында шаңғы жарыстары өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«ESIL WINTER» шаңғы фестивалінің аясында шаңғы жарыстары 30 қараша күні сағат 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара Тұңғыш Президент күніне орай өтеді.
Шаңғы жарыстары 8 жас санаттары бойынша өтіп, спортшылар 1,3,5 километр қашықтықтарда бақ сынайды. Жарыс жеңімпаздарын дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар күтуде.
Шара ұйымдастырушылары «Есіл» ауданы әкімінің аппараты, «Шаңғы жарысы ұлттық федерациясы» ҚБ, «№ 2 БЖМСМ» КММ болып табылады. Сонымен қатар, фестивальге биатлоншы, Азия чемпионы - Елена Хрусталева қатысады деп күтілуде.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz