4391

Мереке қарсаңында елордалық балалар дельфинарийге барды

Бүгін қайырымдылық акциясы аясында ерекше қажеттіліктер бар, аз қамтылған және көп балалы отбасынан 400 бала «Дельфиндер мен Кариб теңізі қарақшылары» қойылымын тамашалады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен бизнес қауымдастығы және Happylon ойын-сауық паркі мен MEGA Silk Way СОО бірлесіп, елордалық ерекше қажеттілігі бар 400 балаға «Дельфиндер мен Кариб теңізі қарақшылары» қойылымын тамашалауға мүмкіндік жасады. 

«Бизнес әлеуметтік жағынан жауапты болуы тиіс. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі кәсіпкерлер үшін маңызды болғанына қуаныштымын.  Бірақ балалар үшін мұның маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан біз әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып жүрген қалалық ұйымның көмегіне жүгіндік. Олар да балаларға арнап мереке ұйымдастыруға бірден ынта білдірді. Бұл сыйлықтың көрерменнің көңілінен шыққанын байқауға болады», – деді елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Шоуды тамашалаған балалар ерекше әсерге бөленді. Зевс, Диди, Гелла және Рута есімді 4 дельфин мен Рокки мен Граф есімді теңіз мысықтары ғажайып акробатикалық көрініс қойды. Теңіз жануарлары жаттықтырушыларының жетекшілік етуімен судан секіру, жүзу сияқты басқа да түрлі әсерлі трюктерді орындады. Жиналғандар олардың қойылымын 40 минут бойы тапжылмай тамашалады.

«Біз тұңғыш рет дельфинді көрдік. Маған және қызыма шоу қатты ұнады. Қала әкімдігіне зор алғысымды білдіремін», – деді қала тұрғыны Светлана.

Жаттықтырушы Анатолий Нагибиннің айтуынша, су жануарларының қатысуымен өткен шара балаларды ерекше әсерге бөлейді.

«Дельфиндер әрдайым тамаша күй сыйлап, көрерменге ерекше әсер етеді. Біздің шоу – сирек кездесетін ортада ғана қойылады. Егер жануарлар әрекеттерінің өзгелерге ұнап жатқанын сезсе, одан әрі ерекше өнер көрсетуге тырысады», – деді жаттықтырушы.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109