3168

Елорда әкімдігінің бірқатар басқармалары «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысымен меморандумға қол қойды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірқатар басқармалары және «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы өкілдері елордадағы жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік ғимаратында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Білім басқармасы», «Мәдениет және спорт басқармасы», «Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемелері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Шара барысында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы елордалық  филиал төрағасы Асхат Бағдатұлы Жастар жылында ұйым атқарған жұмыстармен таныстырып, қозғалыс жобаларының бір бөлігі мен алдағы жоспарлар жайлы баяндамамен бөлісті.

Меморандум мақсаты – қозғалыстың Нұр-Сұлтан қаласының қоғам өкілдерінің мәдени және спорттық, әскери білім беруде саласында дамудың келесі сатысында жаңа жобаларды жүзеге асыру.

Бүгінде Нұр-Сұлтан  қаласының 87 мектеп пен 35 колледжінде өз жұмысын бастаған қозғалысқа 63 жас сарбаз сыныбы мен 82 әскери-патриоттық клубтағы 5648 жас сарбаздық өреңдер мүшелік етеді. Барлық мектептегі сыныптар мен клубтар сәйкестендірілген сертифакциялаудан өтіп, тұрақты түрде мәдени, спорттық және әскери тәрбие жұмыстарын жүргізуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109