6003

Елорданы газдандыру: А. Көлгінов газ құбырларынның дәнекерлеу барысын тексерді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов газ тарату желілерінің құрылысымен танысты: ол  «ЖЭО-1,2,3», «Агрогородок» және «Көктал-1,2» тұрғын алаптарына газ өтетін құбырлардың дәнекерлеу жұмыстарын тексерді. Аталған газ құбырларының құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Газ құбырының құрылысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.

Қала әкімі А.Көлгінов техникалық және авторлық қадағалау қызметтеріне дәнекерлеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Мердігерлердің айтуынша дәнекерленгеннен кейін ол жерлерге рентгенография жасалады, бұл құбырдың тұтастығын және жарылуының алдын-алуды қамтамасыз етеді. Осылайша, елорданы газдандыру 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. Келесі жылыту маусымында ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Агргородок, Промышленный, Железнодорожный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарын газбен жылыту жоспарлануда. Екінші кезеңде газ Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар ​​(1,2-ІҚК), Тельман (3-ІҚК), Пригородный,  Garden Village және Family Village (4-ІҚК) тұрғын алаптарына жеткізіледі. Үшінші кезең Үркер (1-2-ІҚК), Шұбар (3-ІҚК), Өндіріс (4-ІҚК) тұрғын алаптары газдандырылады. Іске асыру мерзімі - 2020-2023 жж.

Жобалаушылардың айтуынша, газ тарату желілері көшелер арқылы үй қоршауларына дейін тартылады, қоршаудан үйге дейін газға жеке тұрғындардың өздері қосылатын болады. Әкімдік тұрғындарға есептегіш құралдарды тегін береді. Қаланы газдандыру қатты заттар 40 мың тоннаға, зиянды шығарындыларды 6 есеге азайтады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109