1706

Елордада 2023 жылы «Қолжетімді дәрігер» жобасы бойынша 51 нысан ашылады

Бас қалада 2023 жылдың аяғына дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ісін ілгерілету мақсатында «Қолжетімді дәрігер» жобасы аясында 51 нысан ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі-МСАК) ісін ілгері асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Аталған тұжырымдаманы іске асыру қажеттілігі тұрғындардың жыл сайынғы белсенді өсуімен, қалалық емханалардың аумақтық бөлімдерінің жоғары жүктемесімен және қаланың бірқатар тұрғын аудандарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға 20 минуттық қашықтықтың болмауымен байланысты.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 5 мыңнан 25 мың адамдарға дейінгі халыққа қызмет көрсетуге есептелген «Қолжетімді дәрігер» жобасына үлгілік талаптарды, осындай объектіні жабдықтаудың ең төменгі стандартын, сондай-ақ МСАК әлеуетті қызметтерін іріктеу және жаңадан іске қосылатын МСАК объектілері үшін қызмет көрсету аумағын айқындау алгоритмін практикалық іске асыру үшін әзірледі.

Сол ретте 2023 жылдың соңына дейін тұжырымдама аясында бірінші кезекте қала шетінде 51 «Қолжетімді дәрігер» нысанын ашу жоспарланып отыр.

Ал ағымдағы жылы жоба аясында 11 нысан ашу жоспарланған, бірінші жарты жылдықта 8-і есігін ашса, 2019 жылдың соңына дейін 30 мың адамды қамтитын 3 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Қолжетімді дәрігер» нысанының ашылуы бірінші кезекте халық үшін 20 минутты қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді, амбулаторлық буынға шамадан тыс жүктеуді төмендетеді және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Соның нәтижесінде адам кезегі азаяды, азаматтарды қабылдау ретке келтіріліп, пациент, медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдайлар туындайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109