3520

Елорда колледждерінің оқытушылары «Digital Akademy» компаниясының негізінде біліктілігін арттыра алады

Ағымдағы жылдың 9-13 желтоқсан аралығында елорда әкімдігінің және қала колледждерінің  18 қызметкері «Digital Akademy» компаниясының негізінде ғимараттарды ақпараттық моделдеу (BIM технологиялар) бойынша тренинг жұмысына қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда 3D модельдеу ақпарат саласындағы жалпы әлемдік трендке айналып отыр. Құрылыс саласында бұл тренд ғимараттарды ақпараттық үлгілеудің технологиялық платформасы – Building Information Model (BIM) көмегімен жүзеге асырылады.

Осылайша, 9-13 желтоқсан аралығында елорда әкімдігінің және қала колледждерінің  18 қызметкері «Digital Akademy» компаниясында ғимараттарды ақпараттық моделдеу (BIM технология) бойынша тренингке қатысады. Курс спикерлері ретінде Финляндияның жетекші техникалық ЖОО - Метрополия қолданбалы ғылымдар университеті оқытушылары сөз сөйлейді.

 Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжі директоры Қасымхан Сенғазиев хабарлағандай, сандық жобалау саласындағы мамандардың сұранысқа ие болуына байланысты 2017 жылдан бастап оқу орнының базасында оқу процесіне сандық жобалау - BIM технологияларын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Жобаның мақсаты – студенттердің өндірістің қазіргі жағдайларына дайындық деңгейін барынша жақындату, оқу-өндірістік қызметте әлеуметтік әріптестікті жетілдіру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109