7280

«Ernst & Young» компаниясы елордалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне жаттығу жұмыстарын өткізуде

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында еңбек ресурстарын дамыту Орталығының ұйымдастыруымен  ХЖҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жаттығу жұмыстары басталды. Жұмыспен қамту қызметі үшін жаттығулар  өткізуді «Ernst & Young» компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаттығу жұмыстарының мақсаты – жұмыс іздеушілерге қолайлы жұмыс орнын таңдауда және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуде тиімді көмек көрсету үшін ХЖҚО  қызметкерлерінің әлеуетін арттыру.

Қызметкерлерді оқыту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмысқа орналасуға ынталандыру» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасына келесі модульдер кіреді: 1. «Істерді басқару», 2. «Жұмыс берушілермен өзара қатынас», «Кәсіби бағдар», «Еңбек мониторингі және болжау» - оқыту аудиторияда өткізіледі (күндізгі форма). 5. «Жұмыспен қамту орталығындағы персоналды басқару», 6. «Нәтиже бойынша басқару», 7. «Жұмыспен қамту қызметі қызметкерлерінің басты құзыреттерін дамыту» - веб-сессиялар арқылы.

Сондай-ақ, оқыту барысында тыңдаушылар арасынан, оларды одан әрі ішкі жаттықтырушылар  ретінде даярлау үшін мамандар іріктелетін болады. Ішкі жаттықтырушылардың негізгі міндеті – ХЖҚО қызметкерлерін жұмысқа қажетті білім мен дағдыларды дамыту мақсатында оқыту.

Өз кезегінде, «ЕРДО» АҚ байланыс, жұмысты үйлестіруді және оқытуды ұйымдастыру кезінде  көмекті  қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту қызметі үшін жаттығулар  өткізуді «Ernst & Young» компаниясы жүзеге асырады. Өткізіліп жатқан  оқу халықты жұмыспен қамту Орталығы қызметкерлерінің білімін, іскерлігін және құзыреттілігін жетілдірудің маңызды кезеңі болатынын атап өткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109