2337

Елордада 159 мың адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды – С. Нұрғожина

Ағымдағы жылдың басынан елордада 159 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. Бұл туралы «Elorda LIVE» бағдарламасына сұхбат берген Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда 159 мыңнан астам адам, оның ішінде 25 мың мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 80 мың зейнеткерлер, сондай-ақ көп балалы отбасылар әлеуметтік қолдаумен қамтылған.

Сондай-ақ, бүгінде қала бойынша бөлінген бюджет 11 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық.

«Әлеуметтік жағынан осал азаматтар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар тегін жол жүру құқығын пайдаланады. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін адамдарға жеңілдікпен жол жүру қарастырылған. Қатты отын сатып алуға арналған жәрдемақы 8 АЕК - тен 16 АЕК-ке дейін өсті-2019 жылға бұл 40400 теңге. Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді: әрбір аз қамтылған отбасына шамамен 100-ден 150 мың теңгеге дейін. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар оңалту қызметтерін пайдаланады»,- деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жақсарды. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетіліп, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, «Орда», «Асыл мирас» орталықтары өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін азаматтарға барынша көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында елордада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109