3189

Елордалық ұзтаздар Кембридж университетінде біліктілігін арттырды

Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орнына айналған Кембридж университетінде елордалық 5 мектептің мұғалімдері мен қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері біліктілігін арттырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Share» халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1-7 желтоқсаны аралығында Кембридж қаласында Bottisham Village College, Sawston Village College және Кембридж университетінің білім беру факультетінде рефлексирлеуші практик мұғалімдердің қатысуымен бірнеше пайдалы workshop-тар өтті.

Халықаралық жобаға елордалық № 37, 58, 59, 67, 76 мектептерінің мұғалімдері мен Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері қатысты. Шара барысында мектеп өмірі, мәдениеті, құндылықтары, көзқарасы, миссиясы және зерттеу қызметі, мектеп педагогтарын оқыту және оқыту тәжірибесін жетілдіру туралы дәрістер оқытылды.

Сондай-ақ, ұстаздар рефлексивті зерттеу қауымдастығын құру, өзгерістерді басқару, өзгерістерді зерттеудің және іс — әрекеттегі тәжірибені зерттеудің негізгі процестері (Action research) секілді мәселерді талқылады.

Одан бөлек, мұғалімдер психолог-зерттеушілер Коллин Маклафлин мен Кейт Эванспен кездесіп, сұрақтарына мазмұнды жауаптарды алды.

Іс-шара барысында 2020 жылдың 20-21 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін алдағы workshop бағдарламасы талқыға салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109