4342

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына жаппай сырғанау ұйымдастырылды

Бүгін әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға бас қаладағы «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан мұз айдынында жаппай сырғанау ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара «Нұр-Сұлтан – қайырымды қала» аясында қалалық Білім басқармасының жетекшілігімен жүзеге асырылып жатыр.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы №85 мектептен әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 оқушы бүгінгі жаппай сырғанауға қатысып отыр. Жалпы бұл Білім басқармасы тарапынан іске асырылып жатқан сауапты істің басы ғана емес. Мұндай игілікті шаралар осыған дейін де атқарылған. Жақында мектебіміздің 1-4-сынып оқушылары «Ailand» отбасылық демалыс орнына барып, көңіл көтеріп қайтты. Одан бөлек, оқушыларымыз боулингке де жиналды. Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шырша тойы жоспарланып отыр», – деді №85 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаура Кеңесқазықызы.

Естеріңізге салсақ, елордадағы №85 мектеп-лицейі былтыр оқу жылы қарсаңында ашылған болатын. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109