4332

Елордалық 105 медициналық мекеме МӘМС аясында жұмыс істейтін болады

Бүгін Нұр-Сұлтанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 105 елордалық медициналық мекеменің МӘМС аясында келісімшарт жасауға дайын екендігін атап өтті.

«Елордада 4 млн-ды құрайтын түрлі бағыттағы медициналық қызмет көрсету түрі бар. Қалада 200 мың оқушы бар. Оқушыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында әрбір емханалық -амбулаториялық мекемеде мектепке арналған бөлім құрылады. Оның ішінде 5,5 мың жеке мектеп оқушылары, сонымен қатар республикалық білім беру мекемелерін де тартудамыз. Елордада 105 медициналық мекеме МӘМС аясында келісімшарт жасауға дайын. Бүгінде олардың барлығы да медициналық-ақпараттандыру жүйесімен қамтылған. Сол сияқты олардың 102-і Денсаулық сақтау министрлігіне кіріктірілген. Қалған 3 мекеме бойынша да кіріктіру жұмыстары жүріп жатыр, осы айдың 15-не аяқтау көзделуде. МӘМС аясында көрсетілген қызметке төлем ақысы жасауға келсек, қаладағы 28 медициналық мекеменің 14-де төлем терминалы орнатылған. Қалған 14 мекеме байқауға тиісті құжаттарын тапсырды», - деді басқарма басшысы.

Бүгінде елордада 4 849 дәрігер және 8792 медицина қызметкері бар. Сол сияқты биылғы жылы 217 жас маман жұмысқа орналасты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109