4424

Нұр-Сұлтанда МӘМС бойынша арнайы кеңес құрылады

Елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын қадағалау мақсатында арнайы кеңес құрылады. Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысына арналған жиында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Басқарма басшысының айтуынша, халық арасында МӘМС жайлы түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«МӘМС-ті халық арасында түсіндіру жұмыстары бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, оның аясында 700 мыңнан астам ересек азаматтар қамтылды. Бұл дегеніміз елорда жұртының 98,5 пайызын құрайды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде МӘМС туралы 15 мыңнан астам материал жарияланып, 1 млн-нан астам түсіндірме парағы тұрғындарға таратылды. Сонымен қатар, алдағы 19 желтоқсан күні «іKOMEK» орталығы арқылы халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыратын боламыз. Және «Жанұя» отбасын қолдау ортылығында да МӘМС бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын қолға алатын боламыз. Тағы бір айтып өтетін жайт аталған жұмыс бойынша мониторинг жүргізу мақсатында біздің басқармада МӘМС бойынша кеңес құруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі күні сол бойынша арнайы бұйрық шығарумен шұғылданудамыз. Оның мақсаты – МӘМС бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысына мониторинг жүргізу», - деді С.Қисықова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109