3161

Алтай Көлгінов қалалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

Қазақстанның жеңіл атлетика Федерациясының конференциясында Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеңіл атлетика Федерациясының президенті қызметіне сайланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов Қазақстанда 7 жабық жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жоспарланғанын атап өтті.

«Үлкен жұмыс атқару үшін адами капитал маңызды. Сапалы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды дайындау қажет. Өйткені, жаттықтырушы-ұшақ ұшқышы сияқты, спортшылардың қозғалыс бағыты мен спорттағы дамуы тек сол кісіге байланысты», - деді Д. Ахметов.

Елордада жеңіл атлетикамен тұрақты шұғылданатындардың жалпы саны шамамен 2 000 адамды құрайды. Елордалық спортшылар осы жылы 9 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.

Аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында Федерация «Наурыз марафоны», «Astana Marathon», «Адалдық алаңы» жеңіл атлетикалық қайырымдылық жүгірісі», белгілі жаттықтырушы К. К. Жуанышевті еске алуға арналған республикалық турнир, «October Run Fest-2019» күзгі жүгірісі және т. б. жарыстар өткізілді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, жеңіл атлетиканың дамуына, оның ішінде инфрақұрылымға тиісті көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

«Жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, алға жылжу қажет. Жеңіл атлетика-маған жақын спорт түрі», - деді елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109