3100

Елордалық мүгедектігі бар тұлғалар мен ҰОС ардагерлері санаторлық-курортық емделуге жазыла алады

2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар санаттары бойынша санаторлық-курорттық емделуге жазылу ашылатын болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар» санатындағы азаматтарға жазылу ағымдағы жылдағыдай sankur.astana.kz сайтында, халыққа қызмет көрсету орталықтары беретін электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы іске асырылады.

Санаторлық-курорттық емделуге қаңтар-наурыз айлары аралығына  ниет білдіруші тұлғалар 2020 жылдың қаңтарында өтініш беріп үлгеруі керек. Ал 2020 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін санаторлық-курорттық емделуге ниет білдіретін тұлғалар үшін жазба наурыз айында ашылады.

Жазылуды жүзеге асырудың бұл тетігі бірінші кезекте адамдардың көп санын бір мезгілде қабылдау кезінде ғимаратта дүрлікпеге және қысымға жол бермеуге, сондай-ақ жазбаны жүзеге асырудың ыңғайлылығына және кезектің айқындығына бағытталғандығын атап өткен жөн.

Қосымша сұрақтармен Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төменде көрсетілген нөмірлер бойынша ақпарат алуға болады:

«Алматы» ауданының тұрғындары үшін: 87056450638, 55-68-22;

«Сарыарқа» ауданының тұрғындары үшін: 87056450653, 55-68-40;

«Есіл» ауданының тұрғындары үшін: 87056450671, 55-68-34;

«Байқоңыр» ауданының тұрғындары үшін: 87056450692, 55-68-45.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109