1271

Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне алғыс хат табыстады

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, қызметкерлерге әкімнің және әкімнің орынбасары атынан алғыс хаттарды тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2005-жылдан құрылды. Қазіргі уақытта орталықта 248 адам қызмет жасап, 348 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алуда. Соңғы үш жылдың ішінде 8 қызмет алушы қоғамға қосылып, сонымен қатар қамқордағыларды қоғамға бейімдеу үшін өздігімен тұруға арналған үйлер ашылды.

Ал 2018 жылы қала әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен 100-орындық жаңа ғимарат салынып, қолдануға берілді. Жаңа ғимаратты салу кезекте тұрған 100-ден астам адамға қызмет көрсетуге жағдай жасады. Сондай-ақ, 2018 жылдан бері орталықта еңбек терапиясы кабинеттері, би залы, тұзды бөлме жұмыс жасай бастады.

2019 жылы орталық аумағын қоршауына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қызмет алушылардың қауіпсіздігі және орталықта тұруына жақсы жағдайлар жасау үшін орталық аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында көптеген мәдени, спорттық сауықтыру шаралары өткізіліп тұрады. Қызмет алушылар Special Olympics бағдарламасы бойынша бүкіләлемдік арнайы олимпиадалық ойындарға қатысып отырады. Айта кетсек, 2017 жылы Австриядағы қысқы бүкіләлемдік арнайы олимпиадалық ойындарда тау шаңғысы ойынынан 3-алтын, 2-күміс медаль, 2018-жылы Люксембургта  боччеден 1-күміс, 2-қола медаль, 2019-жылы БАӘ Абу-Даби қаласында бадминтоннан 4-орын алды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109