1913

Елордада ÁMEN анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен және Қазақстан анимациялық киностудиялар қауымдастығының ұйымдастыруымен ÁMEN   анимациялық кинофестивалінің тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық анимация саласына өлшеусіз үлес қосқан  режиссер-аниматор Әмен Қайдаровтың атымен аталған  шараның қызыл лентасын қию шарасына  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Нұрпейісов Үкібай, «OzgeEpic» заманауи өнер кеңістігінің жетекшісі Мақпал Жұмабай, анимация майталмандары Эрнст Бейсеитов, Галина Дусенко, Тамара Муханова қатысты.

Кинофестивальдің мақсаты – қазақ анимациясының дамуына ықпал ету және жас дарындарға қолдау көрсету болды. Шара аясында анимациялық киностудиялардың көрмесі  қалың көпшілікке таныстырылды.

Ámen Animation film festival қоржынына 80-нен астам өтінім келіп түсіп, байқауға 51 жұмыс іріктеліп алынғанын айта кеткен жөн.

Шараға «Dala animation», «САҚ» киностудиясы, «Ara studio», «Anyz film», «Rio animation»,  «Qazart»,  «Astana film», «Glen» анимациялық академиясы және «Qgoo» графикалық оқыту орталығы  қатысты. Шара барысында сондай-ақ  белгілі тақырыптар бойынша комикстер байқауы да өткізілді.

Үміткерлер «Үздік кәсіби анимациялық фильм», «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік сценарий», «Үздік қоюшы суретші», «Үздік студенттік жұмыс», «Үздік мультхикая», «Әділқазылар жүлдесі», «Көрермен көзайымы», «Үздік комикс» номинациялары бойынша марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109