3141

Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады

Есіл аудандық сотының шешімімен Нұр-Сұлтандағы заңсыз бой көтерген нысандар сүріле бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде заңсыз салынған ғимараттарды сүру ісі бойынша Шұбар тұрғын үй алабындағы Құлынды көшесіндегі 3 үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2017 жылдың 20 маусымда аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданған. Алайда, ғимарат иесі тұрғын үйді бұзып, өз еркімен төрт қабатты жаңа үйдің құрылысын бастайды. Бұл әрекеті үшін құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық шығарылады.

"Ғимарат иесіне бірнеше рет сот орындаушылары тарапынан ескертулер берілді, алайда нысан қожайыны сот қаулысын орындаған жоқ. 1000 кВ метр алаңын толық жабатын 4 қабатты комерциялық мақсаттағы үйді заңсыз әрі  құрылыс қызметі саласындағы стандарттарды ескермей көтермек болған.  Аталған ғимаратты сүру арқылы Нұр-Сұлтандағы заңсыз салынған барлық нысандардың сүрілетіндігін хабарлаймыз", - деді Т. Құлышев.

Бүгінде сот шешімін орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында нысанды бұзу жұмыстары басталды. Сүру жұмысы бір ай бойы жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109