3464

1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдері өзгереді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің тәсілдері өзгереді. Жаңа тәсілдер АӘК-ті барынша ашық әрі әділетті етіп, адамдарды еңбекке ынталандыратын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Енгізілетін жаңашылдықтардың бірі – мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс табуға көмектеседі. Азаматқа немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Ол келісімін берген жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қойылып, АӘК төленеді.

Алайда, еңбекке қабілетті азамат жұмысқа шығудан бас тартқан жағдайда ол және оның отбасы АӘК-тен айырылады. Дегенмен, көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет сақталады.

Осылайша, АӘК-тің жаңа тәсілдері көрсетілетін көмекті барынша әділ етіп, азаматтарды жұмысқа ынталандыратын болады. Ал бұл өз кезегінде азаматтарға өз әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109