5263

Елордалық әлеуметтік қызмет саласының үздіктері марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында салтанатты шара өтті. Оның барысында әлеуметтік қызмет саласының үздіктері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және әкімнің орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында сөз сөйлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Сырым Қажымұратұлы шараның тәуелсіздік күніне орай өткізілуінің өзіндік мәні бар екенін айтты. 

«Тәуелсіздік күні әр Қазақстандық үшін ең қымбатты күн. Бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен бұл күн бізге бұйырды. Бүгінгі мынау биік жетістіктеріміз де сол тәуелсіздіктің арқасында келді.  Сосын да біз осы тәуелсіздік мерекесіне туралап, әлеуметтік қызмет саласына еңбек сіңірген үздіктерді марапаттап отырмыз. Әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істеп жатқан бәріңіздің еңбектеріңіз ерен», -деді ол.

«Әр қазақ үшін ең қастерлі күн-Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марпатталып жатқаныма айырықша қуаныштымын. Біздің еңбегімізді бағалап, марапаттаған құзырлы орындарға көп рақмет. Тәуелсіз еліміз үшін еселі еңбек ету біздің басты парызымыз, - деді «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығының бас бухгалтері Қарлығаш Боранбекқызы.

Салтанатты марапаттаудан кейін әлеуметтік сала қызметкерлері мен қызмет алушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109