11965

Елордада мерекелік демалыс күндері қайда баруға болады?

Алдағы демалыс күндері елордалықтар  бірқатар театрлық қойылымдар, концерттік бағдарламалар, спорттық шаралар мен әсерлі шоуларды тамашалай алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Осылайша 13 желтоқсанда Icon клубында қазақстандық әнші, Black Star лейблының әртісі HaZима өнер көрсетеді. Көрермендер концертте әншінің осы жылы жарық көрген «Секреты» ән жинағындағы туындыларды жанды дауыста тыңдай алады.

Ал 14 желтоқсанда астаналықтар «Денистің достары» мұзды шоуын тамашалай алады. Шара сағат 18.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында өтетін болады. Жоба Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға және танымал етуге,елдер арасындағы туризм мен достықты дамытуға және Денис Тенді мәңгі есте сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ, сол күні сағат 19.30-да ресейлік әнші Ольга Бузованың Конгресс Орталығында «Принимай меня» ән кеші өтеді.

Астана Опера театрының шығармашылық ұжымы 15 желтоқсан сағат 12.00-де жас көрермендерге «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісін дайындады. Онда Самрұқ сиқырлы құсын іздеуге шыққан батыл Айдар мен Айжанның шытырман оқиғалары жайлы баяндалады. Спектакль «Балаларға арналған драмалық шығарма» номинациясы бойынша VII Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының І премиялы сыйлығының лауреаты атанғанын атап өткен жөн.

Өнерсүйер қауым Империялық орыс балетінің «Щелкунчик» жаңа жылдық ертегін тамашалай алады. Қойылым 14 желтоқсанда сағат 18.00-де, 15 желтоқсанда сағат 13.00-де Nomad City Hall театрында өтетін болады.

Ресейлік театрдың Қазақстандағы спектакльдері Испания, Бразилия, Қытай, Санкт-Петербург, Болгария, Қазақстан, Белоруссия, Австралия және Жаңа Зеландияда гастрольдерінен тұратын «Империялық орыс балетіне 25 жыл» мерейтойлық әлемдік турының бір бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, елордалықтар 14-18 желтоқсанда сағат 10.00-18.00 аралығында С.Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік бабалар мұраты» атты фотокөрмесін тамашалай алады.

Ал 16 желтоқсанда сағат 12:00 және 16:00-де елордалық циркте мерекелік дивертисмент болады.

Сондай-ақ, сол күні сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Егемен елдің ертеңі» ҚР Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтеді.

Спорт сүйер қауым назарына да бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Осылайша, астаналықтар 16-17 желтоқсан таңғы 9.00-де «Алау» СК өтетін Тәуелсіздік күніне арналған садақ ату бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ашық кубогына қатыса алады.

Ал тау туризмінің жанкүйерлері 16-17 желтоқсан күндері туристік көпсайыстан Нұр-Сұлтан қаласының ашық кубогының 4 кезеңін тамашалай алады. Жарыс сағат 10.00-де № 19 орта мектепте өтетін болады.

Сонымен қатар, 17 желтоқсанда сағат 10.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында волейболдан ашық турнир өтеді.

Ал 16-20 желтоқсан сағат 9.00-де «Дәулет» СК  «Nursultan Masters 10&under» теннис бойынша балалар турнирі өтеді деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109