11667

Елордада «Инватакси» қызметі жаңа 10 жаңа автокөлікпен толығады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 10 инватакси көлігін алу бойынша арнайы сертификат пен мүгедектерге арналған арбалар табыс етілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әрдайым көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы ел әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән береді. Оның ішінде қажеттілігі бар, мүмкіндігі шектеулі жандар назардан тыс қалған емес. Қыркүйек айының басында «Нұр-Сұлтан - қайырымды қала» атты акция басталды. Бүгінгі шара соның аясында өтіп жатыр. Бұл істің басы-қасында Қайрат Боранбаев ағамыз жүр. Ол кісінің ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 10 инватакси сыйға тартуы жоспарланып отыр. Таксидің өзі қаңтар айында келеді. Бұл дегеніміз елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілген көмек, жәрдем деп білуге болады. Жалпы, инватаксиге деген сұраныс жоғары. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады», – деді Б. Мәкен. 

Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 11 арба табысталды.

Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде елордада 26 714 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, олардың 5570-і – мүгедек-балалар. 

Айта кетсек, қазіргі таңда елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға 36 инватакси қызмет көрсетеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109