11972

Елордалық тұрғын үй алабында «Aspan» спорт орталығы ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Пригородный тұрғын үй алабында «Aspan» спорт орталығы ашылды. Орталықта күрес, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, мини-футболға арналған жаттығу залы бар. Жоба "Қазаэронавигация" РМК-ның жеке инвестицияларын тарту есебінен жүзеге асырылды. Орталықта спортпен шұғылдану тегін және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да бейімделген.

"Пригородный" елді-мекенінде 10 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар балалар үйірмелерге бару үшін спорт орталығын ашуды сұрады. Қазір жоба жүзеге асырылды, спорт кешені халықаралық стандарттарға сай. Мұнда жарыстар өткізуге болады. Балалар спортпен шұғылдана отырып, денсаулықты нығайтып, спорттық дағдыларды дамытатын болады. Осы орталықтан чемпиондар шығады деп сенемін.  Құрылысшыларға және Қазаэронавигация басшылығына көрсетілген көмек үшін алғыс айтамын", - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ спорт орталығында полиция пункті, пошта бөлімшесі, отбасылық денсаулық орталығы, аула клубы және қарт адамдарға арналған шағын орталық ашылды. "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Азат Бектұров қазіргі заманғы, көпфункционалды нысан жастарды, кәсіби спортшыларды және елді-мекен тұрғындарын спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109