7387

Жұмыс істейтін жастар мен апатты үйлердің тұрғындарына пәтер кілттері табысталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында елордада жұмыс істеп жатқан жастар мен апатты тұрғын үй тұрғындары пәтер кілттерін алды. Жұмыс істейтін жастарға есептелген пәтерлердің жалпы саны 1050, апатты үйлер-141. Тағы 500-ден астам пәтер тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған осал топтарына беріледі.

Жастар жылының ашылу салтанатында Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға негізгі төрт бағыт бойынша қолдау көрсетуді тапсырды: сапалы білім беру, жұмыспен қамту, отбасын құру мүмкіндігі және тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін үш есеге арттыруды және құрылыс нормаларындағы қауіпсіздік параметрлерін күшейтуді тапсырды.

"Қоныс иелерін осындай қуанышты айтулы күнмен құттықтаймын! Тек еңбекпен және біліммен ғана нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жұмыс істейтін жастар үшін бұл сенімді түрде аяққа тұрып, отбасын құруға мүмкіндік. Бұл үйде аз қамтылған отбасылар үшін 500-ден астам пәтер береміз. Көктемде аумақты аббаттандырамыз: ағаш отырғызамыз, тренажерлер, орындықтар орнатамыз. "Қадамдық қолжетімділік" қағидаты бойынша жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында емхана, балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, полицияның тірек пункті сияқты әлеуметтік нысандар орналасады. Балалардың құлауын болдырмау үшін терезелерге бекіткіштер орнатылған. Құрылысшылар мен барлық қатысқан адамдарға маңызды жұмыс атқарғандары үшін алғыс айтамын", - деді А. Көлгінов.

Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығынсыз бес жылға беріледі. Келесі жылы жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер беру бағдарламасы жалғасын табады.

Сондай-ақ, қараша айында 400-ден астам кезекте тұрғандар пәтер кілттерін алды. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, жетім балалар, толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, көп балалы отбасылар бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109