1229

Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен VIII әлем біріншілігі өтеді

Елордада 20-21 желтоқсан аралығында қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 33 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

 «Даулет» спорт кешенінде өтетін байрақты бәсеке барысында ерлер мен әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынбақ. Әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы жоғарыда аталған спорт кешенде 20-шы желтоқсан күні сағат 16.00-ге жоспарланған.

Аталған Әлем чемпионаты Біріккен Күрес Әлемінің  (United World Wrestling) 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген және жарыстар толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өткізілмек. Ал ел жанкүйерлері «QAZSPORT» телеарнасы арқылы додалы жарыстың белдесулерін тамашалай алады.

Әлем чемпионаты аясында алыс-жақын шет елдердің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының Халықаралық Конгрессі өтеді. Сондай-ақ, жиынның күн тәртібінде федерация алқа мүшелерінің сайлануы және басқа да мәселелер қарастырылады.

Халықаралық Конгресс «Пекин Палас» қонақ үйінің «Silk way» мәжіліс залында 2019 жылдың 19-желтоқсанда сағат 11.00-де басталады.

Жарыс Біріккен Күрес Әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының ұйымдастыруымен өтеді. Сондай-ақ, жарыстың өтуіне  «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясы қолдау көрсетті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109