3437

Елордада 600-ден астам қараусыз қалған электр, сумен қамту, жылыту, кәріз желілері бар

Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған объектілер мен желілер анықталды. 126 км – электр, 7,5 км-сумен жабдықтау, 14 км – кәріз желілері. Сондай-ақ, 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған.

"10 қарашада орын алған жарықтың сөнуі электр желілеріндегі проблемаларды анықтады. Мердігер кабель каналын төсеу кезінде (Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында) жұмысқа немқұрайлы қарап, жұмысын сапасыз атқарған. Комиссия мәліметтеріне сәйкес, туындаған өрт полиэтилен құбырларының дұрыс орналаспауынан күшейген. Нәтижесінде бір арнада жатқан негізгі және резервтік қуат кабельдері зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Кабельдерді салу жұмыстары екі жыл бұрын жүргізілді, желілер балансқа алынбаған. Қазір біз иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды балансқа қабылдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізудеміз", - деді А. Көлгінов.

Бұдан басқа, сумен жабдықтау және кәріз желілері бойынша механикалық әсерлерге төтеп бере алмайтын шыны пластик және гофрленген құбырларды пайдалану проблемасы анықталды. 34 учаскеде осындай құбырлар орнатылған (90 км). Ашық люктер мен құдықтар да иесіз қалған мүлік қатарына жатады. Елордада барлығы 102 мың люк бар. Тұрғындардың ашық құдықтарға құлауын болдырмау үшін люктердің төрттен бір бөлігі (24,8 мың) арнайы торлармен жабдықталған. Бұдан басқа, пилоттық режимде люктерге автоматтандырылған мониторинг жүйесінің датчиктері орнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109