3583

Елордада өтетін қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 елден келген 300 спортшы қатысады

Бүгін Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты аясында жақын және алыс шет елдердің өкілдерінің қатысуымен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының кезекті конгресі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілі келді. Жиын барысында Біріккен күрес әлемінің белдіктеріндегі дүниежүзілік күрес комитетінің (United World Wrestling) Президенті Чолпон Сұлтанбекова Конгрестің маңыздылығын және Федерация Президентін сайлау мәселесін көтерді.

«Бүгін өте жауапты күн, себебі бүгін Федерация Президентін сайлаймыз. Біз қазақ күресін лайықты тұлға, мықты жетекші басқарғанын қалаймыз. Мұнда дәстүрлі спорт түрлерінің хабардар, оны түсінетін адамдар отыр. Біз аталмыш спорт түрі өзінің құрметті орнына ие болу үшін өте ұзақ, соқпақ жолдан өттік. Бұл тұрғыдан UWW бізді жүз пайыз қолдайды. Қазақ күресін өркендетуге мен шын жүректен тілектеспін. Мен жанкүйерлердің осы спорт түріне үлкен талап жүктейтінінен де хабардармын», - деді Чолпон Сұлтанбекова.

27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды.

«Мен бұл федерацияның басшысы болмас бұрын оның мақсат-міндеті және жұмысымен таныстым. Федерация 16 жылдың ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіпті. Менің басшылықққа келгендегі мақсатым – нәтижелерді қорытындылап, федерация жұмысын жандандыру. Халықаралық бағыттағы жұмысты нығайтып, федерацияға мүше елдер санын көбейту қажет. Яғни федерация жұмысын ел аумағында ғана емес халықаралық деңгейде нығайта түсу. Сонымен қатар мен бұл басшылыққа келе отырып, халықаралық олимпиада комитетімен тығыз жұмыс жасап, қазақ күресінің олимпиада бағдарламасы қатарына ену перспективасын қолдаймын», - деді Алик Шпекбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 20-21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен VIII әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 40 елінен 300-ге жуық спортшы 12 салмақ дәрежесінде қатысады. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Алдағы Әлем чемпионаты Біріккен күрес әлемінің (United World Wrestling) күнтізбелік жоспарына сәйкес, Біріккен күрес әлемінің Халықаралық категориясының ресми тұлғалары мен төрешілерінің қатысуымен өткізіледі. Ұлттық спорт жанкүйерлері жарысты «QAZSPORT» арнасында тамашалай алады.

Жарыстың ұйымдастырушылары: Біріккен күрес әлемі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109