7401

Нұр-Сұлтанда балаларға арналған қала әкімінің шыршасы өтті

Елорданың Оқушылар сарайында «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты қала әкімінің шыршасы өтті. Мерекеге 300 бала қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Балақайлар назарына жаңажылдық қызықты бағдарлама ұсынылып,  тәтті сыйлықтар үлестірілді. Сондай-ақ, олар ертегі кейіпкерлерімен, батырлармен, Аяз Ата және Ақшақармен бірге ән айтып, би биледі.

Мерекелік іс-шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар 300 бала, оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері, SOS балалар ауылының, сондай-ақ, қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиеленушілер, коррекциялық және инклюзивтік сынып оқушылары қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

 «Балалар – біздің болашағымыз. Біз сіздерге үлкен үміт артамыз. Қазақстан жас азаматтарының толыққанды дамуы үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік және табыс тілеймін. Жаңа жылда сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын!», - деді Бақтияр Мәкен.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109