520

Елордада полиция қызметіне көмек көрсеткен 500-ге жуық азамат марапатталды

24 желтоқсанда қалалық полиция қызметі басқармасы қоғамдық көмекшілермен 2019 жылдың қорытынды кездесуін өткізді.  Шара барысында елордалық ПД басшылығы ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, қылмыстарды ашуға ат салысқан қоғамдық көмекшілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін мадақтама қағаздарымен, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта елорданың 700-ге жуық тұрғыны қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етуге көмек көрсетеді. Олардың қатарында қоғамдық кеңестер, кәсіпорындармен мекемелердің қызметкерлерінен құрылған отрядтар, студенттер жасағы, консьерждер және халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығының қоғамдық көмекшілер жасағы, ішкі істер органдарының ардагерлері бар. 

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлеріне үкіметтік емес ұйымдардың, жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері, ПИК қызметкерлері де көмек көрсетеді. 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, жыл басынан 500-ге жуық қоғамдық көмекші ақшалай сыйақымен марапатталды.

«Бізде ерекше көзге түскен, яғни құқықбұзушылықтардың жолын кесумен қатар қылмыстарды ашуға да көмегін тигізген, сондай-ақ, құқықтық тәртіпті нығайтуға жәрдемдесіп, полиция қызметкерлерінің оңай емес жұмысына өз үлестерін қосқан  азаматтарға ақшалай сыйақы беру қаралған. Жыл басынан бері біздің 500-ге жуық қоғамдық көмекшілеріміз 10 млн теңгеден астам ақшалай сыйақымен марапатталды, бұған қоса мадақтама қағаздары, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттау көзделген», - деді ол.

Қоғамдық көмекшілердің берген ақпараттарының көмегімен ағымдағы жылы 8 қылмыс ашылып, 2000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 

2019 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша 105 қоғамдық көмекші жалпы саны 2,5 млн.нан астам ақшалай сыйақыға ие болды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109