9442

Нұр-Сұлтан маршруттарында экологиялық электр автобустар қызмет көрсете бастады

Елорда көшелерінде 100 электрлі автобус жүретін болады. Ендігі арада маршрутқа 15 автобус қосылды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов электроавтобустардың техникалық жағдайымен танысты. Жайлы әрі қатты дыбыс шығармайтын электрлі автобустардың артықшылығы атмосфераға зиянды қалдық шығармайды, сондай-ақ үнемді. Яғни дизельді қозғалтқышпен салыстырғанда автобус паркіне 80 % жанармайды үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Электрлі автобустар сонымен қатар қызмет көрсетуде де ерекшеленеді. Онда май ауыстыру, басқа да сұйықтық ауыстырудың қажеті болмайды. Пайдалануға берілгеннен кейінгі шығыны 80 пайызға дейін үнемделеді. Егер дизельдегілердің шығыны тәулігіне 22-25 мың теңгені құраса, электробустардың шығыны одан 4-5 есеге аз болады. Конструкцияны тәулігіне бір рет түнгі уақытта ғана қуаттау жеткілікті. Яғни автобусты күндізгі уақытта қуаттаудың қажеті жоқ, ол бір күнге толық жетеді», – деді "Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов.

Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен және баласы бар жолаушыларға арналған орындармен қамтамасыз етілген. Сол сияқты оның тағы бір ерекшелігі – орындықтардың тұсында мобильді телефондарды қуаттауға арналған жалғағыштар орнатылған. ⠀

Электроавтобустар қазақстандық «СарыаркаАвтоПром» компаниясында құрастырылған. Жаңа автобустар автопаркті жаңартуға, аялдамалардағы күту уақытын, интервалды азайтуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109