3528

Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға өтініштер қабылдана бастады

Бүгіннен бастап елордада халықты атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Құжаттарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде,  Халықты Жұмыспен қамту орталығында, «Жанұя» отбасын институтын қолдау орталығында іске асады.

Сапалы көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды қабылдау алфавиттік тәртіпте өтуде.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді.

Құжат тапсырушы азаматтар өтініш, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай  уақытша тіркеу болу керек.

Естеріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-ші тоқсанына КД – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109