812

Елордада АӘК тағайындаудың жаңа форматы түсіндірілді

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа форматы енгізілді. Ол бойынша елорданың 4 аудандық әкімдігінде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгіннен бастап АӘК тағайындау бойынша азаматтарды қабылдау «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында және 4 аудандық әкімдікте жүзеге асып жатыр.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту басқармасы мамандарының айтуынша, халыққа қызмет көрсету терезелері жеткілікті, азаматтар кезек бойынша қабылдануда.

 «АӘК тағайындау жүйесіне 2020 жылдың қаңтар айынан бастап өзгеріс енгізілді. Мәселен, өткен жылы әр отбасыға нақты бір деңгейде қаржы төленіп келген. Енді сол жанұяның бір айлық орта табысының кедейлік шегінің айырмасы ғана төленеді. Осы жылдың алғашқы тоқсанындағы кедейлік шек 24 258 теңгені құрайды. Мысалға бір отбасының төрт баласы болса, оның әрқайсысына өткен жылдың соңғы тоқсанында 23 389 теңге тағайындалып келген. Енді отбасының табысы айына бір адамға 12 мың теңгені құрайтын болса, жоғарыда аталған 24 258 теңгеден осы 12 мың теңге алынып тасталады. Сол сияқты жанұяда жұмыс істеуге қабілетті азаматтар болып, алайда отбасын асыраудан бас тартса, АӘК өзгелеріне де тағайындалмайды. Ал осыдан кейін АӘК-ке қайта құжат тапсыру үшін алты ай күтуіне тура келеді», - деді Есіл ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту басқармасының бас маманы Айнұр Әубәкірова.

Басқарма қызметкері сөз арасында бір үйден немесе бір көліктен көбірек дүние-мүлкі бар отбасыларға АӘК тағайындау жүйесі қалай жүргізілетінін түсіндіріп өтті.

«Жаңа формат бойынша биылдан бастап отбасының меншігінде бір үйден немесе бір автокөліктен көп мүлкі, сондай-ақ оларда жер телімі, табыс әкелетін бөлмелері болса, учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Алайда бұл отбасының мүгедек баласы болса немесе көпбалалылар санатына жатса бұл критерий оларға қолданылмайды», - деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Есіл ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамту басқармасының хабарлауынша, аудандық әкімдікке күніне 30-40 адам жүгінеді. 2019 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша Есіл ауданында 696 азамат АӘК алып, 250 отбасы шартсыз ақшалай көмекпен қамтамасыз етілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109