6973

Елордалықтар медициналық қызметтің сапасы туралы сұрақтарымен қайда хабарласа алады?

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Сол ретте пациенттер тарапынан түскен медициналық қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар мен ұсыныстар 5 түрлі жолмен Медициналық сақтандыру қорымен қабылданады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтар дәрігерлердің дөрекі қарым-қатынасы орын алғанда, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты, сондай-ақ тегін медициналық қызметтерге ақы төленгенде, олардың сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстарды білдіре алады.

Медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің хабарлауынша, қорға жүгінудің 5 тәсілі бар.

Осылайша, пациенттер әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейтін ішкі аудиттің пациенттерді қолдау қызметіне ұсыныс қалдыра алады. Кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, бас дәрігердің атына жазбаша өтініш жазу жеткілікті.

Екінші тәсіл – MVOTER мобильдік қосымшасында медициналық ұйымға баға беру. Ол үшін МӘМС пайдаланушысы қосымшаны жүктеп, медициналық мекемеде Медициналық сақтандыру қорының жеткізушісінің QR-кодын сканерлеп, қызмет сапасын бағалау қажет.

Сондай-ақ, азаматтар  қор сайтының «Халықтық бақылау» бөлімінде мына сілтеме арқылы http:fms.kz/ru/leave-complaint жазбаша өтініш қалдыра алады.

Қорға өтініш қалдырудың бесінші тәсілі – әлеуметтік желілер мессенджерлеріне хабарлама жіберу: fondosms (facebook, vk), fms.kz (Instagram).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109