7494

Елордалықтар бас қаланың дизайн-кодын әзірлеуге қатыса алады

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ елорданың дизайн-коды бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Үш ай бойы институт қала тұрғындары мен сарапшылар қоғамдастығынан астананың дизайн-кодын әзірлеуге қатысты пікірлері мен ұсыныстарын astanagenplan@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылдайтын болады.

Қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы дизайн-код қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру, орта дизайны мен эстетикалық көрінісін жетілдіру жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың жиынтығы болып табылатынын еске салады.

Басқарма мамандарының айтуынша, дизайн-кодта кеңістік пен қалалық орта объектілерін жүйесіз, ретсіз қалыптастыру тәжірибесінің салдарын жоюға, қала көшелері мен алаңдарын жобалау, тұрғызу үдерісіне белгілі бір тәртіп пен эстетикалық бағыт енгізуге мүмкіндік беретін ережелер әзірленіп, ұсыныстар жасалды.

Сондай-ақ, бірыңғай сәулет стилінің параметрлері «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңында жазылған. Соған сәйкес республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтары үшін дизайн-код құжатын жасау қажеттілігі көрсетілген. Алайда әзірге бірыңғай дизайн-код тек Нұр-Сұлтанда ғана қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109