7708

Елордада 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақыға ие болды

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Қазіргі жағдай бойынша елордалық 15 мыңнан астам отбасы аталмыш жәрдемақыға ие болып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмектің жаңа форматына сәйкес, жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленеді. Атап айтқанда, 4 балаға - 42 496 теңге, 5 балаға - 53 127 теңге, 6 балаға - 63 757 теңге,7 және одан көп балаға - 74 388 теңге.

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттарды Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу қажет.

Қазіргі кездегі жағдай бойынша бұрын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алған 10 266 көпбалалы отбасыға төлемдер автоматтандырылды. Ал 2018-2019 жылдары туылған 4 және одан да көп баласы бар 5 075 отбасыға мемлекеттік жәрдемақы қайта тағайындалды.

Егер отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен болса немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -ы болса, азаматтар атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алатындығын айта кеткен жөн.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың 1 тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 654 теңге, КШ - кедейлік шегі - 24 258 теңгені құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109