4011

Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін МӘМС жүйесінде тіркелуі керек

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Соған сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС жүйесінде тіркелмеген қазақстандықтарға 1 сәуірге дейін сақтандыру жүйесінде тіркелуді ескертеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК пакеті мен МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтерді тегін алу мүмкіндігіне ие. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушы болуы керек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтуынша,  МӘМС пакетіне кепілдендірілген медициналық көмектен басқа да қызметтердің барлығы енеді.

«МӘМС пакетіне мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакетінен басқа медициналық қызметтің – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық ем алу сияқты кең көлемді қызмет түрлері кіреді. Бұдан басқа, сақтандырылған азаматтар үшін түрлі оталар, олардың ішінде қымбат тұратын оталар да қолжетімді болмақ. Бүгінде ондай оталар түрлі себеппен қолжетімсіз – мемлекет есебінен кезек көп, ал өз есебінен төлеуге қаржы жоқ. Осы орайда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің пайдасы – бәсекелестік есебінен медициналық қызмет сапасы артатын болады. Науқастар көп келетін білікті дәрігерлерді тарту арқылы пациенттерге ең жақсы қызмет көрсететін клиникаларға қаражат та көп бөлінеді», - деді ол.

Жалпы әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген кезде, денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті медициналық көмектің көлемін 1,5 есеге ұлғайта отырып, 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орташа медициналық қызметкерлерді 20%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына, төлем әдістеріне қатысты сұрақтардың жауабын қазақстандықтар 1406 нөміріне хабарласып алуына болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109