5317

Елордалық мұз төбешіктерінің рейтингі: Ең сырғанақ төбешіктер қайда орналасқан?

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Нұр-Сұлтанда белсенді демалыс түрлеріне арналған көптеген орындар жасалды. Соның бірі – мұз төбешіктері. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сол жағалауда орналасқан «Хан Шатыр» СОСО-на қарсы мұз алаңында  мерекелік безендіру бірден көзге түседі. Барлық жерде жаңажылдық ертегі кейіпкерлері соғылып, алаң ортасында безендірілген шырша, ал оның жанында Аяз Ата мен Ақшақар мүсіні орнатылған. Алаңның өзі бірнеше аймақтан тұрады: хаски жегілген арбамен жүруге арналған алаң, мұз айдыны, қысқы аттракциондар мен сырғанауға арналған аумақ. Мұнда  биіктігі 16 метрге жуық екі үлкен төбешік пен балаларға арналған кішігірім екі төбешік орнатылған. Ал кіреберісте төбешікте сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері бар тақтайша көзге бірден түседі.

Тәуелсіздік сарайының алаңында соғылған екінші мұз алаңы жұртшылықты өзінің әсем безендірілуімен таңқалдыратыны сөзсіз. Мұнда бүге-шүгесіне дейін барлығы ойластырылған. Қар фигуралары мен мультфильмдердің танымал кейіпкерлері қонақтарды кіре берісте қарсы алады. Қысқы және жаңажылдық тақырыптағы ерекше фотозоналар, жылтыр аркалар мен «2020 жыл» деген жазу, сан алуан оттармен жарықтандырылған мұз айдыны орнатылып, алаңның қақ ортасында жаңажылдық шырша бой көтерген.

Шыршадан әріректе балалар мен жасөспірімдер үшін бірнеше секциялы мұз төбешігі баппен соғылған. Сірә, ағаштан құрылған сырғанаққа мұз кірпіштері орнатылғаннан соң, төбешік әсерлі көрінетін болар. Сонымен қатар, бұл жерде волонтерлер жұмыс істейді, олар балаларға қауіпсіз сырғанауға, сырғанақтан төмен түсуге де көмектеседі. Бұл төбешіктің биіктігі шамамен 20 метрді құрайтынын айта кеткен жөн.

Ал қаладағы ең қауіпсіз, жайлы мұз айдыны ретінде «Қазақстан» СК жанында орнатылған қысқы демалыс орны атанды. Жағалауда көптеген қатар-қатар тізілген кафелер мен демалыс орындары көзге түседі. Мұнда қарда сырғанауға арналған «банандар», аттракциондар, мұз айдындары және хоккей корты орнатылған.

Айта кетсек, мұз төбешіктеріне көтерілетін баспалдақтар бүдір кілеммен төселгендіктен балаларға қауіпсіз. Сырғанақ биіктігі 20 метрден астам. Балалар үшін беткейге жеке көтерілу қарастырылған. Төбешіктерде бірден бірнеше волонтер кезекшілік етеді.

Сондай-ақ, елордалықтар мен қала қонақтарына Ботаникалық бақ пен қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан мұз айдындарына баруға кеңес береміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109