3922

МӘМС аясында елордалық емханаларында мектеп бөлімшелері құрылады

Елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, оның артықшылықтары мен жеке клиникаларға қойылатын талаптар жайлы айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сөз басында басқарма басшысы 2020 жылы енгізілген сақтандыру жүйесінің бірнеше деңгейіне тоқталып өтті.

«Бірінші деңгей – бұл республиканың барлық азаматына көрсетілетін кепілдендірілген тегін медициналық көмек. Медициналық көмектің екінші деңгейі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жасалған аударымдар мен жарналар есебінен көрсетілетін қызмет. Ол бойынша емханаларда әрдайым қол жетімді болмаған медициналық қызметтердің аясы кеңейеді. Қызметтер қатарына стоматологиялық, жоғары технологиялық қызметтер, КТ, МРТ өткізу, сондай-ақ, бейінді мамандардың кеңесі мен медициналық оңалту жатады», - деп атап өтті ол.

Сәуле Қисықова әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтауы тиіс екенін еске салды.

Оның айтуынша, екінші деңгейлі көмекті мемлекет тарапынан алатын азаматтар санатына бала күтіміне байланысты демалыста жүрген аналар, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер кіреді. Жұмыс істейтін азаматтар үшін жарналар мен аударымдар жұмыс беруші тарапынан жүргізіледі. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ай сайын 2,5 мың теңге көлемінде МӘМС бойынша ақы төлеуге тиіс.

«Мектеп медицинасына ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан біз қазір емханаларда бұл жұмысты жүргізу үшін мектеп бөлімшелерін құрып жатырмыз», - деді Сәуле Қисықова.

Қазіргі кезде емханалардың барлығы қымбат құрал-жабдықтармен қамтылмағандықтан, медициналық мекемелер халыққа қызмет көрсету үшін басқа ұйымдармен келісімшарттар жасайды.

«Барлық жолдамалар емхана арқылы жүзеге асырылады. Егер емханада қажетті кабинеттер немесе мамандар жоқ болса, онда олар келісімшарт негізінде аудандағы стоматологиялық клиникарға емделушілерді жібере алады. Мұндағы негізгі талап – барлық жеке медициналық клиникалардың лицензиясы болуы қажет және олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілері тізілімінде болуы тиіс», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109