4416

Елордада мемлекеттік жәрдемақы алатын аналар ойларымен бөлісті

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмектің жаңа форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл орайда көпбалалы аналар жәрдемақы жайында өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жансая Секербекова жәрдемақының кімге төленетінін атап өтті.

«Бұл жәрдемақының енгізілуі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға көзделген  үш  бағыттың бірі болып табылады. Аталған жаңа жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған, немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанында оқитын балалары  бар отбасыларына табысына қарамастан тағайындалады», - деді ол.

Бөлім басшысының айтуынша, мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін отбасы мүшелері Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркеуде болу қажет.

«ХҚКО-на жеке куәлік, банктегі шот туралы хабарлама және 18-23 жас аралығындағы баланың күндізгі нысан бойынша оқуы туралы анықтама ұсынылады. Баланың туу туралы куәлігі (2007 жылдан кейін жазылған жазбалар), неке туралы куәлігі туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.  Егер отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен болса немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%  болса (2020 жылдың 1 тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34654 теңге, кедейлік шегі- 24258 теңге) азаматтар атаулы әлеуметтік көмекке жүгіне алады», - деді Ж. Секербаева.

Аталмыш мемлекеттік жәрдемақы туралы елордалық көпбалалы аналар да өз пікірін білдірді.

«Менің 6 балам бар яғни «Күміс алқа» иегерімін. Биылғы жаңа жәрдемақыға сәйкес 80 мың теңгенің үстінде аламын. Ал бұрын мен 6 балаға 10500 теңге алатынмын. Осыдан кейін әрине айырмашылық бар. Мен өзім мемлекеттік қызметкермін алатын жалақым 100 мың теңге. Ал жолдасым күзетші болып жұмыс істейді, ол 82 мың теңге айлық алады. Үкімет тарапынан біздің отбасымызға көмегін тигізген тағы бір қолдау, ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен 300 мың теңгеге дейінгі несиенің кешірілуі. Менің және жолдасымның несиесі қайтарылды, бұл бізге айтарлықтай қолдау болды. Оның үстіне менің балаларымның көбісі мектепке барады, қаржылық қолдау қажет-ақ. Ең үлкен балам 15 жаста, ең кішісі 3 жаста. 5-і мектепке, кенжеміз балабақшаға барады», - деді көпбалалы ана Әсем Әбдірахманова.

Сондай-ақ, астаналық көпбалалы ана мемлекеттік жәрдемақы алудағы құжат тапсыруға қатысты өз ой-пікірімен бөлісті.

«Біз 2012 жылы көпбалалы отбасы деген мәртебесін алдық. Ал 2017 жылы мен көпбалалы ана деген мәртебе алдым. Ол атақты ресми түрде алу үшін жолдасымыз екеуміз өз құжаттарымызбен бірге балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелерін ХҚКО-на тапсырдық. Одан әрі мамандар жұмыс істеді», - дейді ол.

Айта кетсек, жәрдемақыны тағайындау үшін құжаттарһ Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109