1430

Елордалық қоғам белсенділері Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы туралы пікір білдірді

Күні кеше мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Елорданың қоғам белсенділері қалыс қалмай, мақалаға қатысты пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Несіпбек Айтұлы мақалада көтерілген мәселелердің маңызды екендігін айтып, оны ұлттық сана төңкерісіне алып келетін туынды ретінде бағалады.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – ұлттық санамызға төңкеріс жасаған туынды деп бағалаймын.

Бұл мақаланы ұлттық бағдарламаның өзегі деуге болады. Президентіміз мақаласында Абайдың рухын тану мен оның даналық сөздерін бойға сіңіру арқылы елдің ел болатындығын айқын атап өтті», - деді ол.

Сондай-ақ, ақиық ақын Абай өлеңдерін жүрекпен оқуға шақырды.

«Президенттің мақаласын оқып отырып, оның Абайды жастайынан оқып, бойына сіңіріп, ақынның тағылымды ойларын жүрегіне ұялатқандығына разы болдым. Абайды жаттап емес, жүрегіңмен түсініп оқу керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл мақала әр қазақты ойлануға, жаңаруға, дүниеге Абай көзімен қарауға шақырады», - деді ол өз сөзінде.

Жастар да мақаланы оқып, Абай жайлы өз пікірін білдіруге асықты. Солардың бірі – «Тұран-Астана» университетінің Жастар ісі комитетінің төрағасы Темірлан Қайыржанов.

«Абай – қазақтың маңдайына біткен үлкен бақ. Себебі оның шығармалары арқылы өскелең ұрпақ білім алып, бойына қазақтың рухани байлықтарын сіңіруде. Биыл Абай атамыздың 175 жылдығы кең көлемде тойлануда. Әлеуметтік желілер арқылы Ұлы ақынның өлеңін мәнерлеп оқудан мемлекет басшысы тарапынан эстафета жолданды. Тек Қазақстан көлемінде ғана емес, шет елден де әлемге танымал өнер иелері осы эстафетаны жалғастырып Абай атамыздың өлеңдерін өз тілдерінде оқыды. Осылайша, Абай атамыздың өлеңдерін қайта бір жаңғыртқандай болдық. Ал мемлекет басшысының  өз мақаласында ұлы ақын еңбектерін еліміздің басты мұрасы түсініп оқуға шақырады», - деді Темірлан Қайыржанов.

Ал ЕҰУ Жастар саясаты орталығының төрағасы Азат Теңгебаев болса, Абайдың нақыл сөздерін ұранға айналдырып, ойшылдың мерейтойына өз үлесін қосатынын атап өтті:

«Мен өз командамды қалыптастыру барысында, бірге жеңіске жетелеу жолында Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген сөзін ұран ретінде ұстанамын. Президент мақаласында осы жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтетіндігін айтты. Біз де соған үлес қосуға тырысамыз».

Сондай-ақ, жоғары оқу орнының оқытушылары Президенттің мақаласына қатысты ойларын ортаға салды.

«Тарихи мұраны сақтауға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты –  республикадағы қазіргі саяси ахуалдың өте маңызды құрамдас бөлігі. Мемлекет басшысы қабылдап жатқан шешімдер соның дәлелі. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласында көрсетілген Абай даналығының маңыздылығын көтеруі, ұлттық мұраны сақтау қажеттілігі елімізді алдыға жетелейтіні сөзсіз», - деді Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Студенттермен жұмыс жөніндегі деканы Айгүл Мұхамеджанова.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бекжан Әбдуәлиұлы президент мақаласында Абай тағылымы жан-жақты зерделенгенін баян етті:

«Президент мақаласында ұлы ойшылдың даналығын жан-жақты зерделене отырып, бүгінгі күннің қажетіне жатару жолдары қарастырылған. Онда Абай әлемі ұлтты ұйыстырушы негіз, әлемге танытушы тұлға, әр адамнан бастап, барша халқымыз қуат алатын таусылмас рухани азық ретінде қарастырылады. Әрі мемлекеттік саясаттың да арқа сүйер алтын қорғаны іспетті, өйткені Абай мұрасы арқылы барша қазақ баласы рухани шөлін қандырады, ол арқылы қазақ әлемге танылады. Елдің тұтастығынан асқан береке-бірлік, одан асқан ерлік, ұлы болашақ жоқ. Абай мұрасы арқылы ХХІ ғасырдағы қазақ баласы өзінің өткенімен жалғасады, болашағына дұрыс қадам жасайды».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109