8620

Нұр-Сұлтанда аудан әкімдерінің қала тұрғындары алдындағы дәстүрлі есептік кездесулері өтеді

Елорда тұрғындары өз сұрақтары мен шағым-өтініштерін қала билігіне жазбаша түрде жібере алады. Халықтың ыңғайы үшін барлық аудан орталықтарында, халық көп жиналатын сауда орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Есіл» ауданы әкімі астаналықтар алдында 29 қаңтар - 2 ақпан аралығында есеп береді (барлығы 5 кездесу өтеді деп жоспарланған). «Алматы» ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі 3-7 ақпан аралығында (5 кездесу), «Сарыарқа» ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында (6 кездесу), ал «Байқоңыр» ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі 27-31 қаңтар (5 кездесу) аралығында өтеді.

Іс-шаралар «сұрақ-жауап» форматында өтетін болады.

Аудан әкімдіктерінің «Қауырт желі» телефондары:

«Алматы» ауданы: Байланыс телефоны - 36-39-19; байланысушы тұлға  – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Серікпайұлы Қапанов. 

«Есіл» ауданы: Байланыс телефоны - 55-73-83; байланысушы тұлға  – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бейсов Олжабек Абайұлы.

«Сарыарка» ауданы: Байланыс телефоны – 55-66-03; байланысушы тұлға – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Исаков Ерболат Түгелбайұлы.

«Байқоңыр ауданы»: Байланыс телефоны - 55-74-91; байланысушы тұлға  –Жиынтық-талдау бөлімінің басшысы Баужанов Азат Қайратұлы.

Сондай-ақ, қала тұрғындары ұсыныстарын барлық 4 ауданда орналасқан өтініш жәшіктеріне қалдыра алады.

Есіл ауданының тұрғындары үшін жәшіктердің орналасқан жері:  «MEGA Silk Way» СОСО, «Керуен» СОСО, Есіл ауданы әкімдігі, аудандық ХҚКО.

Сарыарқа ауданы тұрғындары «Қазпошта» ғимаратында, «Sine Tempore» сауда үйінде, аудандық ХҚКО, № 4 қалалық емханада, №10 қалалық емханада, Тілендиев,15 мекен-жайындағы «Рахмет» сауда орталығында, Герцен, 84 көшесінде орналасқан «Рахат» дүкенінде, Бабатайулы, 6/1  көшесіндегі «Шик» дүкенінде, «Көктал-2» сауда үйінде өтініш хаттарын қалдыра алады.

Алматы ауданы тұрғындары аудандық ХҚКО, №6, №7, №11 қалалық емханаларда,  Б.Момышұлы көшесіндегі «Рахмет» сауда орталығында, «Еуразия» сауда орталығында, «Аружан» СОСО, Өндірістік және Теміржолшылар, Интернациональный тұрғын үй алаптарындағы аудан әкімдіктерінде өтініш пен ұсыныстарын қалдыра алады.

«Байқоңыр» ауданы бойынша тұрғындардың өтініштеріне арналған жәшіктердің орналасқан жері: Астаналық сауда үйі, «Байқоңыр» ауданының ХҚКО, «Астықжан» сауда үйі, Орталық базар, «Байқоңыр» ауданы әкімінің бас инспекторының ғимараты, аудан әкімдігінің ғимараты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109