4140

IQala орталығы елордалықтарға 119 қызмет түрін көрсетеді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңбаны IQala қалалық қызметтер көрсету орталығында алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында мәлім етті, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

«Енді аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін ХҚКО-на бару міндетті емес. Бұл қызмет IQala-да жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Бұл жақын деген Халыққа қызмет көрсету орталығына дейін айтарлықтай алшақтықты ескерсек, өте ыңғайлы», - деп атап өтті Малика Бектұрова.

Жалпы IQala орталығында тұрғындарға 119 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде  65% цифрлық форматта жүргізілуде. Мәселен, қала тұрғындары «Астана Су Арнасы», «Астана-БЕО», «АРЭК» және т.б. шарт жасаса алады. Орталық ашылған сәтінен бастап 3.8 мың операциялар көрсетілген.

Аталмыш қызметтерді астаналықтар www.iqala.kz порталында онлайн режимде немесе Р. Қошкарбаев көшесі, 29 мекенжайындағы кеңседен алу мүмкіндіктері бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109