3577

Елордада «Крещение Господня» мерекесіне орай суға түсу орындары анықталды

Православ христиандары 18, 19 қаңтарда «Крещение Господня» мейрамын атап өтеді. Бұл орайда Есіл өзенінің бойында бірнеше суға түсуге арналған орындар әзірленеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Крестный ход» діни рәсімі аясында 18 қаңтарда сағат 19.00-де діни қызметкерлер мен шіркеуге келушілер Константин-Еленин соборынан Есіл өзенінің жағалауына дейін жаяу жүріп өтеді.

Сонымен қатар, оң жағалауда, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы мен «Гранд Алатау» тұрғын-үй кешенінің маңындағы өзен жағалауында және сол жағалауда «Столичный» саябағы маңындағы жағалауда суға түсуге арналған орындар дайындалады.

Суға түсуге арналған орындар 18 қаңтар сағат 20.00-де ашылып 20 қаңтар сағат 00.00-ге дейін, ал 19 қаңтар күні сағат 08.00-01.00 аралығында жұмыс істейді.

Тұрғындардың ыңғайы үшін суға түсу орындары маңында сауда орындары орнатылып, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметінің және Полиция департаментінің қызметкерлері астаналықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктері де кезекшілік жасайды.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында балалар, суға түсуде тәжірибесі жоқ адамдар, егде жастағы қарттар, денсаулығы нашар жандар, ішімдік ішкен адамдардың суға түсуі қауіпті екені айта кеткен жөн.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109