2809

Елордалық құтқарушылар «Крещение Господня» мерекесі аясында суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

«Крещение Господня» діни мерекесін тойлау кезінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Православ христиандарының «Крещение Господня» діни мерекесі жақындауда. Елордада жыл санап аталмыш  мереке күні адамдардың суға түсуі артып келеді.

Қалада М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, «Гранд Алатау» тұрғын-үй кешенінің жанындағы Есіл өзенінің жағалауында және «Столичный» саябағы маңындағы жағалауда суға түсуге арналған орындар дайындалады.

Мұздай суық суға сүңгіген сәтте адамның ағзасына ауыртпалық түседі: орта температураның күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы мен жүрегі тоқтап, қан тамырлары тарылып қалуы мүмкін, адамның талып қалуы да әбден ықтимал.

Жыл сайын шоқынып суға түсу кезекшілігінде құтқарушылар су апатынан суға түсушілерді  құтқару шараларына  жиі тап болады. Сол себепті суға түсу  балаларға, бұл істе тәжірибесі жоқ адамдарға, егде жастағы қарттарға, денсаулығы нашар жандарға, ішімдік ішкен адамдарға қауіпті екенін айта кеткен жөн.

«Крещение Господня» діни мерекесін тойлау кезінде қалалық құтқару жасағы қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Іс-шараға барлығы жеке құрамнан 46 адам және 6 бірлік техника жұмылдыру жоспарланған.  Сондай-ақ, суға түсу орындарында қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін қосымша  нұсқаулықтар жүргізіледі.

Шоқынып суға түсу рәсіміне қатысуға бел буған азаматтар төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет:

-        тек белгіленген, арнайы құрылғылармен қамтамасыз етілген, көмек қажет болғанда қол ұшын беретін арнайы мамандары бар жерлерде ғана суға түсу;

-        суға түсер алдында түрлі жаттығуларды жасай отырып, денені қыздыру;

-        мұзойыққа түскенде терең демалып, демді ұстап тұрып, суға сүңгу керек. Ал  шыққан кезде сізді халат және орамалмен біреудің күтіп алғаны абзал

-        аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін, ойыққа ыңғайлы, тайғанақ емес және оңай сырғитын аяқ киіммен бару керек. Ойыққа жету үшін ең дұрысы бәтеңке немесе жүн шұлықты қолданған жөн;

-        аяқты өткір тастар мен тұздан қорғайтын, сондай-ақ мұзда сырғанамайтын арнайы резеңке аяқ киімді  қолдануға болады. Ойыққа баратын жол тайғақ болғандықтан, ол жерден баяу өту керек.

-        суға түсуге арналған баспалдақтың берік бекітілгенін қадағалау. Сақтану үшін тораптары бар берік қалың арқанның шетін жүзушілер оның көмегімен судан шыға алатындай түсіру.

-        ойыққа баспен сүңгімеңіз. Суға баспен секіруге болмайды, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан есеңгіреп қалуыңыз мүмкін.

Сондай-ақ, ағзаның салқындауын болдырмау үшін ойықта 1 минуттан артық тұрмаған дұрыс.

Егер балаңыз сізбен бірге болса, оны ойыққа шомылған кезде бақылаңыз. Қорқып қалған бала жүзе алатынын оңай ұмытуы мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109